Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  333


Автор: Жібек Ысқақова

ІНДЕТ ЖАЙЛЫ

Кім келіп, кім кетпеген бұл ғаламнан,
Заман болды расыменде тұмшаланған.
Екі мың жиырма, болды бір ерекше жыл,
Бар әлемді қайғыға, мұңға салған...

Жабылды шекарасы әрбір елдің,
Кей адамдар шығарып соңғы демін.
Бұрынғыдай алыс, беріс тоқтап қалды,
Жүректерде жоғалып үміт, сенім.

Емі болмай бұл вирус ойландырды,
Әрбір елге бес қаруын сайландырды.
Бар болғаны алпыс шақты күндерде бұл,
Кей елдерді "қаралы елге" айналдырды.

Көрінбейтін жау дерсің қырып жатқан,
Әрбір елдің халықтары мұңға батқан.
Тілсіз жаудан сақтасын мына бізді,
Жанарлардан қанды жас сорғалатқан.

Коронавирус, тоқтағын осы жерден,
Жоқ болып кет, жойылғын біздің елден.
Бар әлемнен жоғалғын мәңгілікке,
Тарихқа ен, жоқ болып барлық жерден.

Қайта оянсын бар әлемде бұл тіршілік,
Тұмшаланбай, оянып сенім, үміт.
Есін жисын барлық ғалам тыныш болып,
Болашаққа ұялатпай ешбір күдік...
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу