Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  346


Автор: Жібек Ысқақова

ӨЛДІ ДЕУГЕ КЕЛЕМЕ НАР ТҰЛҒАНЫ

Өлді деуге келеме нар тұлғаны,
Күңіреніп, қайғырып ел, жатыр бәрі.
Дәм тұзының біткені ме сенбеймін еш,
Таусылғаны рас па енді атар таңы?!

Қаракетті жүргізген ед(і), "айтуға оңай",
Қайғыланып, мұңайып жатыр бәрі-ай.
Жақсы көрер елінің тұлғасы ед(і),
Баурап алар сөйлегенде аңқылдап-ай.

Бейсен аты, Құранбек аты қалар,
Жазбалары, бейнесі, хаты қалар.
Күлімдеген ағамыздың бейнесі бұл,
Жүректерден мәңгілік орын алар.

Қараланып жатыр бүгін қазақ елі,
Шыға алмай қысылып көңіл демі.
Ағамыздың иманы саламат боп,
Жайлы болсын ендеше жатқан жері.
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу