Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  338


Автор: Жібек Ысқақова

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛМІЗ БҮГІНДЕ

Тәуелсіз елміз бүгінде

Тәуелсіз елміз бүгінде, қуан қазақ,
Артта қалды бодандық, барлық азап.
Желтоқсаншы жастардың арқасында,
Тәуелсізбіз, егемен бәрі ғажап.

Егеменді, тәуелсіз азат елміз,
Бүкіл әлем танитын ғажап елміз.
Жаңашылдық дәуренінде өмір сүрген,
Айтыңызшы, мына біз кімнен кембіз?!

Елін, жерін қорғаған бабаларым,
Үміт жібін жалғаған даналарым.
Шындық үшін шырылдап өлеңімен,
Азаттыққа  жол бастаған ағаларым.

Елімізді тар қапаста жырлап өткен,
Ұмытайық қалайша, біз Қайратты?!
Әпкелерім қанды мұзда тайсалмаған,
Еске алайық Сабира мен біз Лазатты.

Он алтыншы желтоқсан "ерлік күні",
Бодандық жоқ, азаттық, "теңдік күні".
Желтоқсаншы жастармен мақтанамыз,
Бар әлемге көрсеткен ең мықтыны.

Жасай берші ғұмырлы боп азаттығым,
Жалғаса берші еркіндігім, ғажап күнім.
Азаттық үшін қанын берген, жанын берген,
Ұрпағымыз ізін басар ең мықтының.

Тәуелсізбіз, азатпыз, қайсар елміз,
Барлық жанға құшақ ашар, жайсаң елміз.
Тәуелсіздік тұғырлы болсын, ғұмырлы боп,
Алпауыт елге айналып  әлемде ең біз.

           Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу