19.05.2021
  247


Автор: Қадыр Мырза Әли

Күрес

Ғайса екеуміз күресіп,
Жүріп алдық тіресіп.
Дуылдайды балалар,
Шуылдайды балалар:
— Бәсе, бәсе!
— О, мықтым!
— Қақ тұсынан тобықтың!
— Жанбасыңа ал!
— Жанбасқа!
— Жеп жүріпсің нан босқа!
— Ішінен шал!
— Ішінен!
— Не істейді құр күшімен!
— Белінен қыс!
— Белінен!
— Жігіт десем сені мен!
— Көтеріп соқ!
— Болмаса!..
— Күрес пе осы!
— Далбаса!—
Шіркін ауыз мықты ғой,
Бәрін сөзбен жықты ғой!
Жұрт айтқанға тойдық біз,
Жығыса алмай қойдық біз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу