Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  288


Автор: Есхат Тәлетұлы

Біз...

Біз
Туымызды мақтан етеміз.
Ардақтап мәңгі сақтап өтеміз.
Қазақтың туы асқақ болсын деп,
Ұран етеміз жаттап өтеміз.

Біз
Ту үшін барын беретін елміз,
Тек бір Аллаға сенетін елміз.
Бір Қазақ күні қиындап жатса,
Бар Қазақ болып келетін елміз.

Біз
Туды жанынан артық көреміз.
Ар үшін бәрін сарқып береміз.
Қазақтар жайлы абайлап сөйле,
Тап осылай деп айтып келеміз.

Біз
Отанымызды шын сүйеде аламыз.
Отан алдында бас иеде аламыз.
Отан деп суға түседе аламыз,
Отан деп отқа күйеде аламыз.

Біз
Байтақ даланың ұландарымыз,
Алаштың ақ иық қырандарымыз.
Қазақтың айтар жыр әндарымыз,
Бабадан мирас ұрандарымыз.

Біз
Қонақжайлығы жарасқан елміз,
Ұрпақ қамымен санасқан елміз.
Өле жегегше бөле жейік деп,
Көрші-қолаңға қарасқан елміз.

Біз
Тұлпар үстінде ойнаған елміз,
Күнде қуаныш тойлаған елміз.
Ия біз Қазақ ұлтымыз,
Ата дәстүрін жоймаған елміз.

Біз
Желтоқсанда от қойған елміз,
Жанды жерлерге дөп қойған елміз.
Тәуелсіздікті қолға келтіріп,
Жеке елдікті бек қойған елміз.

Біз
Мың өліп мың бір тірілген елміз.
Керегесі нық тігілген елміз.
Тәнім арымның садақасы деп,
Ары үшін білегі түрілген елміз.

Біз
Осындай елміз,жаттап алғайсың,
Жүрекке терең сақтап алғайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу