Өлеңдер ✍️

  31.03.2021
  153


Автор: Шынияз Шанайұлы

Бойында Үштемірдің Әлім жүрген

Бойында Үштемірдің
Әлім жүрген,
Қолында тауарих жоқ алып жүрген.
Өмірден өтпейтұрғын адам бар ма,
Атадан балаға орын қалып жүрген.
Айырылып дәулетті менен қонысынан,
Адам көп осы күні налып жүрген.
Бұ күнде заман жақсы, адам жебір,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кемір.
Жүрелік қалған жаспен базар етіп,
Келмейді екі айналып өткен өмір.
Келмейді екі айналып өткен өмір,
Боласыз жасқа өмір табыс еткен.
Жаралған екі өзеннің бірі - Жайық,
Біреуін құдіретпен Еділ еткен.
Қалмаққа Қабыртаңдай қылыш ұрып,
Ер болып ертеректе Едіге өткен.
Кітапта самұрық құс - құстың зоры,
Қашаннан кінәлі адам - қордың қоры.
Бір күні ақ киіктей обылармыз,
Ажалдың алдымызда қазған оры!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу