Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  469


Автор: Саят Әбенов

ШАРШАДЫМ

Керек болғанда "керемет" - дейтін,
Керек болмасаң керек етпейтін.
КЕЙБІРЕУЛЕРДЕН ШАРШАДЫМ.

Шықсаң биікке "туысым"- дейтін,
Маған еңбегі түбі сіңбейтін.
Жақындарымнан ШАРШАДЫМ.

Арқамнан қағып "жан досым" - дейтін,
Сатқындықтары бар кешірмейтін,
Жалған достардан ШАРШАДЫМ

Қуанам қатты өкініп кей күн,
Менің де мынау өтірік кейпім,
Өз өзімнен де ШАРШАДЫМ.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу