07.06.2024
  199


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 3 бөлім

Сонымен көктем шыға бұл жігіт қылқылдап келіп " үйленемізге " басты.
- Осылай жүре береміз бе ,жасымыз кетіп барады үйленіп үй болайық , - дейді қипақтап.
- Жоқ , әлі ерте тағы да біршама жүре тұрайықшы , - деп мен кері тартамын.
Тартпай ше , анау бес жігіттен көрген қорлығым бір басыма жетерліктей еді.
Бұл болса сондайды меңзейді , яғни төсекке тартқысы келеді. Оған менің ынтамен жоқ , анандай сұмдық басымнан өткен соң төсек дегеннен өлердей қорқып қалғанмын. Тіпті жігіт көрсем желдей есіп қашатын болғанмын.
Айтқандай , сотта мен өзімнің зорлық көргенімді дәлелдеп баққаным бар , бірақ үш бірдей жігіт өліп екі бала ауыр дене жарақатын алған соң бәрібір жыл кесті.
Сондағы айыптаушының сөзі " неге пышақ сұқтың , неге сотқа арызданбадың, неге полиция шақырмадың , неге қаштың " дегендей т.с.с сұрақтары болды. Біздің адвокат " бұл қыз өзін өзі қорғады " дегенге " анау коллеганы жатқан жерінде бауыздаған , бұл әдейі жасалған " деп мемлекеттік айыптаушы жақ аса ауыр айып тақты. Сонымен әрі бері үш айлық тартыстан кейін мен бейбақ бес жылды арқалап кетіп отырдым. Жалпы , менің әкем де мына маған " жыл кескенін қалағанын " соңынан есіттім. Өйткені " сотталмай қалсам анау жігіттердің туысқандары аңдып жүріп жазым қылар " деп қорыққан екен. Ал енді түрмеде көргенім бір бөлек.
Ол енді сұмдық , ол жерде болған жағдай адам сенгісіз сорақы да қитұрқы еді. Себебі , уақытша тергеу изоляторында үш ай жатып соттың үкімі шыққаннан кейін мені әйел - қыздар колониясына этапқа жіберді. Сөйтіп қиырдағы алыс бір аудан шетіндегі түрмеге барып түстім. Сол күні моншадан шығып киіп ауыстыруға барсам , Қарлығаш атты орта жастардағы бір келіншек күтіп отыр екен . Ә дегеннен статья сұрап шүйіркелесе кетті. Қысқасы , мен сорлы осы келіншектің " әрі жігіті әрі қызы " болдым. Бұл осы түрмеде тоғыз жылдан бері отырған аса ауыр қылмыс жасаған зек еді. Оның айтқан сөзі түрменің ішіне заң. " Отыр десе отырып , тұр десе тұрасың" . Қысқасы он сегізге енді толған мен сол келіншекке қатты ұнап қалыппын.
Әне сол келіншек менің үстімде талайдың басын жарып көзін ағызды , оны да жасырмаймын. Бұл дегенің әйелдер түрмесінің ішкі заңы өйткені ол жерде еркек жоқ қаптаған әйелдер. Бірақ бірін бірі бай қатынғып жекеменшіктеп иелеп алғандар. Күштінің көті диірмен тартады деген осы екен.
Сонымен мына жігітпен арамыз жақындап мен оған үйрене бастадым. Бір күні аяқ асты ол менің жұмысыма келді. Екеуміз әңгіме айтып шәй ішіп отырмыз.
- Мен сенен бірдеңе сұрасам бола ма , - дейді.
- Сұрай ғой , - деп бетіне қарадым.
- Ендеше ренжімеші жаным , сен осы жігітпен жатып көргенсің ба , әлде пәк қызсың ба , - дейді.
Мұны естігенде е айтарымды білмей сол жерде ішіп отырған шәйіма қақалдым да қалдым.
Ол болса төмен қарап жауап күтіп отырды.
Енді не айтсам екен деп біраз ойландым.
Сонда менен нақты жауап ала алмаған жігітім:
- Болғансың ғой айта берсейші , оның несін жасырасың жаным , - дейді күлімдей қарап.
Не десем екен ә ?
Анау құрбым " айтпа " деп қойған бұл соның ағасы. Мүмкін бар сұмдықты айтқаным дұрыс та шығар ? Әлде айтпағаным дұрыс па екен ?
- Сен ештеңеге алаңдама жаным , тек шындықты айт. Егер қыз болсаң қызбын де , қыз болмасаң қыз емеспін де. Білесің ба , біздің төсекті жеңгелеріміз тексереді , егер қыз болмасаң " менен " деймін де өзім мойныма аламын , - деп айтып салды.
Осыдан кейін менің амалым қалмады.
- Бір жігіттен алданып қалдым , - деп айтып салдым.
Құдай ау " өтірік өрге бастайды " деп атам қазақ бекер айтпаған ғой , ата - бабамыз не айтса да бәрін дұрыс айтып кеткен екен.
Ал айтпасқа мен сорлының амалым да жоқ еді, өйткені түрмеде әлгі келіншектің әйелі болдым ғой.
Әрине жақсы көргенімнен емес , қорыққанымнан болдым. Қазіргі заманда әнеубір " жасанды бәле " бар, ондай нәрсеңіз түрме ішінде жетеді, размеріне қарап түрі - түрінен бар дейін. Онан басқа жолы да жоқ , ол жерде күзетшілерден басқа еркек атаулыны емге таппайсың. Тапқаны да оларға жақындамайды. Өйткені , өңшең маскүнем , наркоман қатындар отыратын жерге олар жоламайды. Сондағы зектердің басым бөлігі наркотикпен ұсталып сотталғандар. Онан көбісі инеге отырған кәнігі " игла наркошалар" , сонда олармен жатып күзетшіңнің басы екеу емес қой.
Қысқасы бұл менің қыз еместігімді біліп алған соң , онан сайын қылқылдап бастады. Сондағысы " төсектес болайық " дейді. Мен бейбақ онысына да көндім.
Қайтейін , келісім бермесем қипақтап қояр емес , дегеніне көнбесем тастап кететіндей көрінетін. Жасым келіп қалғанда мен бұл жігіттен айрылғым келмеді. Оның үстіне жүрегімнің түріне жатқызып алғанмын жақсы көремін , ұнатамын.
Міне , осылайша мен сорлы бес жігіттен қалып , онан түрмедегі '' күйеуімнің " қолынан өтіп , соңында мына жігітің құшағында жаттым. Сонда бір жағынан қарағанда айырмашылық жоқ та сияқты.
" Жасандысы " не " табиғиы " не , бәрібір екен ғой деймін.
Тек , анау әйел мынау еркек , айырмасы сол ғана.
Сөйтіп жүргенде көктем бітіп жаз басталды. Бір қызығы менің құшағыма түнеген күннен бастап , жігітім сап тиылды.
Бұрынғыдай " қашан үйленеміз " дегенді қойды , тіпті мүлде қойды.
- Мамам ауырып жағдайымыз болмай кетті , - дейді мүләйімсіп.
- Сауығып кетсінші , - деп қолына тиын тебен ұстатамын.
Онан құшағыма басып жұбатқан боламын.
- Құрбым , мамасы ауырып жатыр екен ғой " қатерлі ісік " дей ме сондай екен , - деп сұрадым бір күні.
- Иә қатты ауырып жатыр. Бірақ мен ол үйде әпкемнен басқа ешкіммен араласпаймын , - дейді.
Құрбымның " әпкем " дегені менің жігітімнің мамасы ғой , сонда бұл екеуі нағашылы жиенді болады.
Қысқасы күндер зулап өте берді. Бір күні менің жігітім сап тиылып хабарсыз кетті. Мен бейбақ күтіп жүре бердім ...
( жалғасы бар ) Бұл ққысқа да нұсқа уақытша әңгіме !



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу