07.05.2024
  32


Автор: Халықаралық архив күні

Халықаралық архив күні

Бүгін 9 маусым – Халықаралық архив күні болып табылады. Бұл кәсіби мерекені дүние жүзіндегі тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін архивші мамандар атап өтеді. Жалпы архив саласында жүрген мамандар біздердің құжаттарымыз бен атақты ақын-жазушылардың еңбектері, жазушылар жайлы мәліметтерді көздерінің қарасындай етіп сақтайды.
Халықаралық архив күні жайлы аздаған мәліметке тоқталар болсақ, ғаламтордағы мәліметтер бойынша 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық архивтер кеңесі құрылған. Ал 2007 жылы қарашада Канаданың Квебек қаласындағы Бас ассамблеяда "9 маусым – Халықаралық архивтер күні" деп ресми түрде бекітілген. Осы себепті әр жылдың 9 маусым күні Халықаралық «архив күні» болып аталып өтілуде. Бұл мерекені барлық архив саласында қызмет етіп жүрген жандар атап өтеді. Жалпы архив күні архившілерге деген құрмет пен алғыс хаттар табысталады. Еңбектері бағаланып, жақсы қызмет көрсеткен жандарға арнайы марапаттар ұсылынылады. Бұл күн осынысымен ерекшеленеді.
Бір қарағанда архив сөзінің өзі өткен күн, тарих болып табылады. Әр адамның өткен күні тариз беттеріне жазылады, яғни қандайда бір құжат болмасын барлығы архивте сақталады. Архивтегі құжаттарды реттеп, қарап отыратын, сұратылған құжаттарды тауып беріп отырған архившілердің қызметтері ерекше, өте маңызды деп білемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу