11.04.2024
  1025


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Ғажайып тас

 І
Ертеде
Бақ мүйiсiн
Мекендеп бiр шал тұрды.
Асырады үй iшiн,
Кәсiп етiп әр түрлi
.
Ыңқылдайды кемпiрi
,
Қаншама күн аш, төздi ол.
– Қала алмаспын мен тiрi
,
Балаларға бас-көз бол.
Қырау түсiп самайға,
Шаршады шал, арыды
.
Қалды ма осы маңайда
Қаратпаған тәуiбi
.
Күйзелдi шал, төзбедi
,
Тағдырына ашынып.


Iсiп кеттi көздерi,
Омырауын жас жуып.
Бiр сәт мызғып тынықпай,
Жағы солып барады.
Қос бөбегi түк ұқпай,
Оған жаутаң қағады.
Тағдырға айтар не қалды,
Бұлт торлады көңiлiн.
Өзiн алмай, неге алды
Баласы мен келiнiн
?
Үмiт сөндi көзiнен,
Кемпiрi ұзақ жатпады.
Ала кеттi өзiмен
Жазғы шiлде аптабы.
ІІ
Жiгерiн мұң құм етiп,
Ерте тұрды шал бiрде.
Қайтпақ болды дұға оқып,
Кемпiрiне, қабiрге.
Қылғынады
Көмейiн
Кептегендей тас тұрып.
Жол шектi
,
Қос бөбегiн
Көршiсiне тапсырып.
Екi көзден жас төгiп,
Әзер жеттi қорымға.
Беткейден бiр тас көрiп,
Тұрып қалды орнында.
Жарқылдайды бүйiрi
,
Қаратпайды көз қарып
.
Жақындап шал үңiлдi
,
Жетiп баяу қозғалып.
«Бiр ғажабы бар шығар?»
Ие түстi ол басын.
Мұндай тастан
Аңшылар
Қорытады қорғасын.
Тұрып-тұрып таңданып
,
Алып көрдi қолына.
Бұрып едi аударып,
Жарық түстi жолына.
– Дүнияда, я пiрiм,
Мұндай жарық бола ма?! –
Iлбiп атай, ақырын
Жүрiп кеттi молаға.
Құран оқып, бағыштап
,
Отырды атай күбiрлеп.
Кенет бiреу дауыстап
,
Қараң еттi бiр рет.
Атай қорқып қалып тым,
Тершiп қатты қысылды
.
Бетiн бұрып жарықтың
,
Солай қарай түсiрдi.
Бiр ат жатыр теңкиiп
,
– Бұл несi, ей, ауру ма
?
Қарап едi еңкейiп,
Сом шығыпты сауырына
.
Әрi-берi
Жараны
Сипап көрдi шөппенен.
Өстiп ұзақ қарады,
Тыпырлайды көк дөнен
.
Жарасынан әуелгi
Түк қалмады,
Жоғалды.
Мiнiп оны,
Шал ендi
Үйiне атпен оралды.
ІІІ
Сырын ұқты тастың да
,
Шат-шадыман ол ендi
.
Емдеп кәрi-жасты да,
Алғысына бөлендi
.
Бар бiлгенiн, еңбегiн
Елге тегiн арнады.
Алды сыйлап бергенiн,
Өзiнше ақы алмады.
Айықпаған атайдан
Ешбiр науқас қалмады.
Орындалды
Қартайған
Байғұс шалдың арманы
.
ІV
Жойылды ыңқыл-сыңқылы,
Шаттанды жұрт ауырмай.
Келдi атайға бiр күнi
Қарны iскен бiр залым бай.
Қыли көзi тесiлiп,
Бара жатты iшiп-жеп.
Дайындалды шешiнiп,
– Көрейiншi күшiн! – деп.
Қорғасынды қорапта
Сәуле бұған бұрылды.
 Түк қалмады сол уақта
Iсiгiнен бұрынғы.
Осылай қарт емдедi
«Мүсәпiрдi» – қылиды.
– Қанша аласың
? – деп едi,
Басын шайқап, жымиды
.
Қыли дiлда ұсынып,
Алмасына қоймады.
Сосын жеңiл күрсiнiп
,
Бiр арам ой ойлады.
«Осы қу шал, тегiнде
,
Байлық көзiн таппайды, ә
?
Мол ақы алса емiне,
Суша тасып жатпай ма?!
Иемденiп сол тасты,
Танылайын ғаламға».
Сөйтiп қыли албасты
Көштi зұлым амалға.
Қайтып келдi түнде ендi
Бұзбай жұрттың тынышын
.
Ұрлана кеп үйге ендi
,
Әзер алып тынысын.
Ғажап тас тұр бiр шетте,
Алып кетпек соны ұрлап.
Төрде атай төсекте
Ұйықтап жатыр қорылдап.
Жақындады аңырып,
Барлай басып жан-жағын.
– Ұйқтасын, – деп – мәңгiлiк,
Сұқты атайға қанжарын.
Емшi атай қырылдап,
Дем шығарды ақырғы.
Тасты iшiне тығып ап
,
Ұры тысқа атылды.
Керек етпей көпiрдi,
Айдын көлге беттедi.
Қайығына отырды
Арғы бетке өткелi.
Толқындармен жарысып
,
Асыға есiп келедi.
Екi қары қарысып,
Ашып есiп келедi.
Жолға төзбей тым алыс,
Терлеп есiп келедi.
Көкiрегiн қуаныш
Кернеп есiп келедi.
Дем алса да қанша рет,
Қалса да құр сүлдерi
,
Қиналса да әлсiреп,
Ұмтылады iлгерi.
Бiр кезде...
Тас сәулесi
Шамадан тыс түстi ме
,
Ышқынып қап, танды есi,
Құлады айдын үстiне. V
Емшi шалды
Таңертең
Халық көрiп, шуласты
.
 Елдi, жердi, бар өлке,
Бар аймақты мұң басты.
Қайғы жұтып тұрысты
Ауылдың бар ерлерi.
Қадiрмендi туысты
Күмбез салып, жерледi.

Қайда сол тас,
Жұрт әлі,
Не болғанын бiлмейдi.
Тек атайдың ұрпағы
Іздеп оны жүр дейдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу