27.03.2024
  135


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Атай

Кiтап оқып отыр едiм,
Таңғажайып бiр күйде.
Қолмен басып көкiрегiн,
Дауыл келiп кiрдi үйге.
Менiменен қол алысып,
Тұрып қалды ентiгiп.
– Жау қуды ма, жоғары шық, –
Отыр, – дедiм мен күлiп.
– Асығыспын, аялдауға
Уақытым жоқ бiр минут. Кiтабыңды жап одан да, Бiздiң үйге сырғиық.
– Не үшiн? – деп сұрадым мен,
Не айтпағын бiлгiм кеп.
– Бiлгiң келсе, тұр алдымен
,
Киiн, – дедi күлiмдеп.
Киiндiм тез, көп күтпедi
,
Қиналған жоқ бөгелiп.
– Ал ендеше, кеттiк! – дедi
,
Құстай ұша жөнелдiк.
Тоқтадық үй жанына кеп,
Ендi ентелеу қауiптi
.
– Жақындай түс,
Аңырма, – деп,
Түрдi Дауыл жабықты. – Кiм бар екен бiздiң үйде,
Осы жерден көр келiп.
Байқамасын бiздi мүлде,
Сөздерiн бiз бөлмейiк.
Келiп төр жақ тұсын ала
Мен iшке көз жiбердiм.
Үйде – екi кiсi ғана,
Тани кеттiм бiреуiн.
Естай ағай – ол бiреуi
,
Өз көкесi Дауылдың.
Ал қонақты өңдi реңi
,
Шырамытып, аңырдым.
Асыл сүйек елден ерек, Тiстерi аппақ тiзiлген.
Нұр тамып тұр
Дөп-дөңгелек
Күн келбеттi жүзiнен.
Қарыс маңдай, Қасы қою,
Ашық жарқын қабағы.
Қарт болса да,
Шашында оның
Сирек екен ағы әлi...
Сақалы да дөңгеленiп,
Өңiне тұр жарасып.
Қарай түстiм мен бөгелiп,
Саңылауды сәл ашып.
Түсе қалды ендi есiме,
Талай көргем суреттен.


Орден толы кеудесiне
Қараушы едiм құрметпен.
Ордендерiн өңiрдегi
Тағы да iздеп қараймын.
Ордендерi көрiнбедi
Тасасынан ағайдың.
– Бiлем, – дедiм, – бұл кiсiнi
,
– Бiлсең, атын атай ғой.
– Музейде де тұр мүсiнi
,
Бұл – Жазылбек атай ғой.
Жасынан мал баққан кiсi
,
Шопан ғой ол даңқты.
Елiмiздiң мақтанышы,
Сүйiктi ұлы халықтың.
– Көруiң бе бiрiншi рет,
Әлде бұрын көрiп пе ең? –
Дедi Дауыл күлiмсiреп
Таңданғандай кейiппен.
– Бұрын-соңды көрмеп едiм,
Көрiп ем тек суретiн.
– Неткен өзiң зерек едiң,
Суреттен-ақ бiлетiн.
Өкiнбессiң келгенiңе,
Осы – асыққан себебiм.
– Ризамын көргенiме,
Достарға айтып беремiн.
Класта ендi жайраң қағып,
Айтып тұрсам бұл жайлы,
Бала бiткен қайран қалып,
Аузын ашып тыңдайды.
– Сөйлесе алмай қалдым деме,
Онда үйге кiрейiк.
Жасырынбай,
Әңгiмеге
Барып құлақ түрейiк...
Жас емес ол аға дейтiн,
Сөздi жұптап алдым да:
– Ата, ас-салау-ма-ғалей-кум! –
Дедiм, кiрiп бардым да.
Қос қолымды создым келiп,
Созды атай да қос қолын.
Қарт кiсiмен кезi келiп,
Сәлемдессем, өстемiн.
Атайларға кей балалар Бiр қолын-ақ бередi.
Ренжидi онда олар, Бiлiмсiз деп сөгедi.
Күлкi үйiрiп сәл өңiне,
– Ғұмырлы бол, балам, – деп,
Ырза болып сәлемiме,
Алғыс айтты ол маған көп.
Қолын алдым сосын келiп,
Өзiмiздiң ағаның.
Сөйлеп кеттi ол қасын керiп,
Серпiп қойып қабағын:
– О, Жазеке, бұл балаңыз
Әдептi де, зиялы. Iс-тiрлiгi – тұрған аңыз,
Мақтауға әбден сыяды
.


Болса да өзi кiп-кiшкене, Бiлмейтiнi жоқ мұның,
Көрсетедi тiптi iсте де Бiлiмiнiң көптiгiн.
Күлетiндей түрлi iсiне, Бiзде бар бiр қасқа лақ.
Шәлкем-шәлiс жүрiсi де,
Өзi тiптi ашқарақ. Iшi бiрде кеуiптi оның,
Жоңышқаға жайылып.
Құты қашып ел бiткеннiң,
Ем iздептi сабылып. Бiреу:
– Арам өлмесiн тек,
Жедел басын кес! – дептi
.
Бiреуi
:
Жел кермесiн тек! – Iшiн бiзбен тес, – дептi
.
Дауыл: «ішiн тесемiн», – деп,
Ұнатыпты соңғы емдi
.
Жатыпты лақ кеселi үдеп,
Өлмек болып ендi-ендi
.
Сонда Дауыл бiзiменен
Ұмтылса, бұл көнбептi
.
Оны ағылшын тұзыменен


Iшiн бұзып емдептi.


Бiлмеушi едiм мұндай емдi
,
Қайран қалып отырам...
– Оқыған ғой бұлар ендi
,
Жақсы екен ғой оқыған.
Өз балаң ба, жақының ба ед,
Таудай екен талабы.
Айналайын, атың кiм? – деп,
Атай маған қарады.
Сөз кезегiн бөлiсуге
Шыдатпайды-ау ой легi
.
Өзi үшiн де, мен үшiн де,
Естай ағай сөйледi
:
– Алматыда тұратұғын,
Тоқсан сегiз жастағы
Ескерместiң Мұратының
Кенжесi осы – Асқары.
Келген мұнда ағасына
,
Қонағы осы ауылдың.
Маған әрi нағашы да,
Әрi досы Дауылдың.
– Ырысы бар досы бардың,
Өссiн, балам, өркенiң.
Көрсе, шiркiн, осылардың
Болашағын, ертеңiн!...
Бұрылды атай тiк қарамай,
Не түстi екен есiне.
Жарқ-жұрқ еттi құптағандай,
Қос жұлдызы төсiнде.
Маған алып бергендей боп,
Жұлдызының бiреуiн,
Дүрс-дүрс етiп кеуде кернеп,
Алып ұшты жүрегiм.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу