27.03.2024
  68


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Біздің абламыз

Сабырлы. Асып-таспаған
Жақсылыққа бастаған
Жанат әпкей, жан әпкей –
Абламыз жақсы адам.
Ол – болашақ филолог,
Төгіледі күй болып.
Одан әдептілікті
Отырамыз үйреніп.
Әрбір қыздың досындай,
Абламыз осындай.
Емес қатал ұстаздай,
Сөйлесеміз шошынбай.
Білгір болған кім жастай,
Жап-жас, бізге құрдастай.
1 Түрікше «тәрбиеші әпкей» деген мағынада.
218 219
Сөйлескенмен ашылып,
Жүр-ау бірақ сырласпай.
Сұрасақ не туралы,
Түсіндіріп тұрады.
Кемшілікті көргіш-ақ
Елден ерек қырағы.
Қиындықтан қашпаған,
Жамандыққа баспаған.
Бізге жақын болам деп,
Шашын қиып тастаған.
Шетсіз-шексіз өнері,
Ұнатпас жан жоқ оны.
Сыныптағы қыздардың
Бәрі жақсы көреді.
Сияқты нақ анамыз,
Ылғи кеңес аламыз.
Көрмей қалсақ бірер сәт,
Сағынып біз қаламыз.
Әрбір ісі аңыздай,
Көңілі дархан тамыздай.
Асыл адам жоқ шығар
Біздің абламыздай.


 


P.S. Алматы қаласындағы қазақ-түрік қыздар лицейінде
7 «А» сыныпта оқитын немерем Сұлтанбай Ақерке Сауранқызының өтінішімен жазылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу