21.03.2024
  45


Автор: Сұлтан Қалиұлы

8 Наурыз мерекесінің сценарийіне қосымша

Құтты болсын мереке
І бала:
Шырқайтындай ән қылып,
Апамның көп өнері.
Ас дайындап дәмді ғып,
Көйлек тігіп береді.
Жұмысынан
Мен үшін
Ерте қайтып келеді...
Бітірген соң көп ісін,
Ертегі айтып береді.
Жарқыратып еденді
Жуады анам – әмбабап.
Мен де анамдай
Өнерлі
Болсам деймін әлден-ақ.
ІІ бала:
Мезгілінде, тұс-тұста
Аяқтаса жұмысты ел,
Кеш келеді жұмыстан,
Менің апам тым іскер.
Мен ұйықтап жатқанда
Келеді ол – жаманы.
Оятпай,
Таң атқанда,
Тағы кетіп қалады.
Сенбі күні есіктен
Естіледі таныс ән.
 Анашыммен өстіп мен
Аптада бір қауышам.
ІІІ бала:
Тіршіліктің жүрегі
Сіздерсіздер, аналар.
Саулық тілеп жүреді
Баршаңызға балалар.
Топ бала:
Тілейміз біз бәріміз –
Орындалсын ойларыңыз!
Сегізінші наурыз
Құтты болсын тойларыңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу