22.02.2024
  60


Автор: Бодо Шефер

Ересектер үшін Алғы сөз

Байып кеткісі келмейтін адамның табылуы некен-саяқ шығар. Ал кейбіреулер мұндай тілекті басқаларға қарғанда тіпті айқынырақ сезінеді. Бағзы біреулер өзгеше бір жағдайларға қатысты ғана бай болғысы келетінін айтып көлгірсиді. Сайып келгенде, бәрі де бақытты, табысты әрі ақшалары мол болуын қалайды.


Бұндай тілегі үшін ешкімді сөгудің жөні жоқ. Ауқатты болу – бәріміздің туа бітті құқығымыз ғой. Жеткілікті ақша-сы бар кісі жақсы өмір сүреді, өзіне де, өзгеге де пайдасын тигізе алады. Қаржы тапшылығына шыдап жүре беру, тіпті қайыршылық жағдайда тіршілік кешуге дайын болу – адамзат адасушылығының ең бір жаман түрі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу