Эсселер ✍️

  12.02.2024
  36


Автор: Құтқарушылар күні

Құтқарушылар

Құтқарушы мамандығы Құтқарушылардың өз өмірлеріне қауіп төндіретін, өмірлерін тәуелкелге байланыстыратын аса қауіпті мамандық болып табылады. Олар түрлі табиғи апаттардан зардап шеккен адамдарға көмек беретін, оттан да, судан да қорықпай, адамдарды құтқаруға атсалысатын құтқару жолында жүректері мейрімге толып, адамдарға қуаныш сыйлайтын, адамгершілікке толы бұл мамандық иелері көп адамның алғыстарына бөленіп жүргені анық.
Құтқару қызметі жолында Құтқарушылар тіпті өз өмірлерін қиып жатады. Су тасқыны бар, өрт шығып жатады, қарапайым тұрмыстық жағдайдағы құтқару көмегі керек болып қалады. Осының барлығына өрт демей, су демей құтқаруға асығатын маман иелерінің расында да жүректері мейірімге толы дер едім.
Қай уақытта болмасын бүл құтқарушы маман иелерінің мәртебесі биік болады. Оларға деген құрметіміз бен алғысымыз ұшан теңіз! Бар болыңыздар, нар болыңыздар, аман болыңыздар, құрметті Құтқарушы азаматтар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу