Эсселер ✍️

  05.02.2024
  40


Автор: Нан күні

Нан жайында

Ас атасы нанның қайдан пайда болатынын бәріңіз де білетін боларсыздар. Алдымен бидай егіп, оны баптап, суарып, арам шөптерін жұлып, өсірген соң бидай шығып, оны камбайындармен орып, сұрыптап, тазалап ұн қылатын диерменге жіберетіні, одан ұн жасап, ұннан нан ашытып, ыстық ыстық етіп нан пісіріп дастарханға қойған сәті қандай ғажап десеңізші. Расында, қарап отырсақ нанның өзі дастарханға оңайшылықпен келмейді екен. Мұның бәрі маңдай тер, еңбекті талап ететін дүние. «Еңбектің наны тәтті» деп айтқандай, қаншама еңбектің арқасында дастарханға келген ұлы ас шынында да тәтті болары анық. Сондықтан еңбекпен келген нанды ысырап жасамай, қастерлеу бізге парыз деп білемін.
Он алтыншы қазан күні келетін Нан күні әрбір жерде нанға деген құрметі мен нанды қастерлеу барысын насихаттайтын түрлі іс-шаралар расында да ас атасы нан екендігін көрсетеді.
Біз үлкендер жағы өзімізден кішілерге үлгі өнеге болып, нанымызды қоқыстарға тастамай, нанды жинап, теріп жүруіміз қажет деп білемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу