Эсселер ✍️

  05.02.2024
  30


Автор: Нан күні

Нан бар жерде ән бар

«Дастарханда нан жоқ болса, тамақта мән жоқ» — дегендей, расында да дастарханда нан болмаса көңіліміз жайлана ма? Нансыз күніміз болмайды. Басқа ас ауқаттар болмаса да, нан жеп, нанға тояттап жүретін халық емеспіз бе? Дастарханда қара нанның түрғанының өзі бізге күш, жігер береді емес пе?! Нанымыз барында шынында да өзімізге деген сеніміміз арта түсері анық. Наннан үлкен ас жоқ, солай емес пе?! Әрбір Қазақ баласы нанды қастерлеп, аяқ астынан қиқымын теріп алып отырған.
Ал нанның түр-түрі бар. Әр адам өзінің қалауына қарай нан тағамын дастарханына қоя алады. Бірі тапа нанды жауып, тапа нанды азық етсе, енді бірі тандыр нанды жақсы көріп, тандыр нанды жанына жақын етеді. Ал қолдары тимейтін адамдар нанды базардан, дүкендерден сатып алып отырады. Міне, нанның дастарханда болуы адамға расыменде күш, қуат береді.
Әрбір үйдің ақ дастарханынан нан үзілмесін деген тілекпен, 16 қазан күні келетін нан күні құтты болсын дегім келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу