04.02.2024
  27


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы


 


 


Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.


Лексикалық тапсырмалар:



  1. Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңыздар.


Ғаламтор – бүкіләлемдік байланыс желісі.   WEB-сайт – ғаламтордағы ақпараттар жинағы. WEB-сайттан керек ақпарларды алуға болады. Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Қазіргі кезде оның бірнеше түрін ажыратуға болады.



  1. Киімге қатысты мақал-мәтелдер жазыңыздар.


 



  1. «Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастырыңыздар.

  2. Компьютер, қалта телефоны туралы сұрақтар құрастырыңыздар.

  3. Компьютердің пайдасы, зияны туралы жазыңыздар.


Грамматикалық тапсырмалар:


 



  1. Берілген сөздерден туынды сын есімдер жасаңыздар.


Ақыл, күз, өнер, кеш, біл, тәртіп, қыс, атақ, тарих, аш



  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.


Мен ұялы телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын, себебі кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін.



  1. Қатыстық, сапалық сын есім қалай жасалады? Мысал келтіріңіздер.

  2. Берілген сөйлемдердің түрін анықтаңыздар.


Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын, өйткені ол – менен жеті жас кіші және жақсы көретін інім. Қазан астындағы от кейде жалтылдайды, кейде қызып жанып, лапылдайды.



  1. Сөйлемдерді салалас құрмалас етіп аяқтаңыздар.


Марат әнді жақсы айтады, ... .  Бүгін демалыс, сондықтан  ... .




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу