04.02.2024
  26


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау


 


Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.


Лексикалық тапсырмалар:



  1. Берілген сөйлем сыңарларын пайдаланып, диалог құрастырыңыздар. Демократиялық мемлекет, адамның өмірі мен құқықтары, мемлекеттік билік, Президент, Үкімет, Парламент, Атқарушы билік болып саналады. Екі палата, Мәжіліс, Сенат, мемлекет атынан.

  2. Байқоңыр ғарыш айлағы қайда орналасқан?

  3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?

  4. Қазақстан ғарыш саласы қалай дамыған?

  5. «Егер мен депутат болсам...» шағын әңгіме жазыңыздар.


Грамматикалық тапсырмалар:



  1. Жалпы және жалқы есімдерге мысал жазыңыздар.

  2. Берілген зат есімдерден өзара тәуелдік формалы сөз тіркестерін жасаңыздар. Енбек, нәтиже; ғалымдар, зерттеу;  оқушы, сұрақ;  дос, көмек; әке, кітап.

  3. Төменде берілген зат есімдерді септеңіздер. Ғарыш кемесі,  электронды дауыс.

  4. Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құраңыздар. Заң, парламент, билік, шығарушы, саналады, болып.                                        Қазақстан, басқарылатын, мемлекет, жүйемен, президенттік.                                       Билік, республикамызда, біртұтас, мемлекеттік.                                                                       Сенат, емес, төменгі, палата.

  5. Төмендегі сөйлемдердің бастауышын қаратпа сөзге айналдырып, қайта құраңыздар.


Балалар ғарышкерлермен кездесуге мұқият дайындалды.                                                     Оқушылар үнемі спортпен шұғылданады.                                                                              Нұрлан ертең маған қызық кітап әкеледі.                                                                               Жастар құштарлықпен білім алып жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу