04.02.2024
  55


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған аралық бақылау


Мақсаты: 1,2-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.


Қаныш Сәтбаев.


     Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.


     Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.


       Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)


(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)


  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


ІІІ деңгей



  1. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңыздар.


І нұсқа. Зат есім+етістік                      ІІ нұсқа. Сын есім+зат есім


2.Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңыздар.


І нұсқа: Белгілі, еңбек, жүз, аты.     ІІ нұсқа: Көмек, бас, кітап, жаз.



  1. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, олармен сөйлем құраңыздар.


 І нұсқа.Ұлт, өнеге                             ІІ нұсқа. білім, атақ


ІІ деңгей



  1. Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.


I нұсқа – Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін.


II нұсқа -Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.                                                                                                                                 


2.Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар:


I нұсқа- Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.                                                                                                                                 II нұсқа- Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.


І деңгей



  1. «Қазақстанның белгілі ғалымдары»деген тақырыбына эссе жазыңыздар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу