04.02.2024
  34


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау    


 


Мақсаты: Тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды  қаншалықты игергенін анықтау,  сауаттылығын тексеру.


Лексикалық тапсырмалар.                


1.Берілген сөздерді септеңіздер:


Ғалым,   зерттеу                                                    



  1. Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыздар


          Сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...,


         ЭЕМ   мүмкіндіктер..., ақпараттар жиын...



  1. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңыздар.


Белгі, ақыл, әлем, мемлекет                           



  1. Мына сөздердің синонимін жазыңыздар:


 еңбек  - ...., бітіру  -....,  айналысу -...         (жұмыс,аяқтау, шұғылдану)                            


5.Төмендегі сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер жазыңдар.


1.________,сондықтан________.    


2.____ біресе_______,біресе_______.


6.Берілген сөз тіркестерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар


Еңбек жолы, институт бітіру      


 


        Грамматикалық тапсырмалар.



  1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?( солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен,оңтүстікте-Қырғызстан,Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі)

  2. ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)


3.Қазақ халқының атақты ғалымдарын атаңыздар.


4.Қаныш Сәтбаевтың қанша ғылыми еңбегі бар?   (640-тан астам)


5.Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.



  1. Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек … , қолынан келмеген көмегін … .


Керекті сөздер: аямау еді, қарау, бастап, болды.


6.«Қазақ халқының ғалымдары» деген тақырыпқа диалог құраңыздар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу