04.02.2024
  32


Автор: Қазақ тілі

 Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық


бақылау жұмысы


Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.


Лексикалық тапсырмалар:



  1. Берілген адамдардың есімдері немен әйгілі болғанын жазыңыздар.


Ә.Қастеев, Айша Ғалымбаева, Әубәкір Ысмайылов, Зоя Соболева, Қанафия Тельжанов.



  1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.


1) Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер түрі?


2) Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?


3) Ә.Қастеевтің қандай туындыларын білесің?


4) Павлодар қаласының қандай атақты суретшілерін білесің?



  1. «Сүйікті суретші» атты тақырыпқа диалог құрастырыңыздар.

  2. 4. «Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы» тақырыбына сұхбат құрастырыңыздар.

  3. Жылда қалада болатын суретшілер көрмесінде Айша Ғалымбаеваның туындылары бар екен .... (әңгімені аяқтаңыздар).


 


Грамматикалық тапсырмалар:



  1. Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз құрамына талдап, мағынасын түсіндіріңіздер.


1) Ұл баланың үйкүшік болғаны жараспайды,


     Қыз баланың қыдырмашы болғаны жараспайды.


2) Қыздың аңқауынан сақта,


    Ұлдың жалқауынан сақта.



  1. Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңыздар.


         Үлгі: әшекейле, алаңдау, ...


Әшекей, алаң, ашу, әзіл, әңгіме, аяқ, сыр.



  1. Мақал-мәтелдеден шартты райлы етістіктерді табыңыздар.

  2. Атадан жақсы ұл туса,


   Жеткізеді мұратқа.


 Атадан жаман ұл туса,


 Қалдырады ұятқа.



  1. Еңбек етсең, еленерсің,


    Еңбегіңе кенелерсің.



  1. Не ексең, соны орарсың.

  2. Төменде берілген тұйық етістіктерді шартты, ашық райларға қойып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.


Үлгі: ұйықтау –ұйықта +са (шартты рай)


Ұйықтау, ескеру, кию, санау, тігілу, жүру, қарау, сатып алу.



  1. Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.


Орталық мұражайдың жаңа ғимараты бір мың тоғыз жүз сексен бесінші жылы салынды. Менің қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің шығармаларымен танысқым келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу