Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
- Әуе көлік түрін көрсетіңіз.
А) пойыз;
В) тікұшақ;
С) автобус;
Д) трамвай;
Е) такси.
- 2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз.
А) велосипед
В) әткеншек
С) есек
Д) мәшина
Е) түйе
.
- «Жаяу» деген сөзбен тіркесе алатын сөзді белгілеңіз.
А) автобус;
В) сыпырғыш;
С) жүргінші;
Д) бағдаршам;
Е) мәшина
- Жолаушы автобуста не төлейді?
А) салық;
В) жолақы;
С) еңбекақы;
Д) кітап;
Е) сурет
- Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) ертең;
В) біршама;
С) біріңғай;
Д) кеше;
Е) бүгін
- Қоғамдық көлікті анықтаңыз.
А) такси;
В) тікұшақ;
С) трамвай;
Д) жылқы;
Е) велосипед.
- 8. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек.
А) жолын;
В) тәртібімен;
С) ережесін;
Д) оқу;
Е) есте сақтау.
- Жұмбақты шешіңіз.
Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар.
А) ұшақ
В) трамвай
С) кран
Д) кеме
Е) қайық
- Қоғамдық көліктерді күтетін жер қалай аталатынын анықта.
А) бағдаршам;
В) жолаушы;
С) аялдама;
Д) жолдама;
Е) сапар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter