04.02.2024
  29


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау

Мақсаты:Оқушылардың І тоқсанда алған білімдерін тексеру


І нұсқа


 


Лексикалық  тапсырмалар:



  1. «Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:


А)Сенің  отбасың  қандай?


В)Отбасыңда неше адам бар?


С)Сенің  отбасыңда қандай дәстүрлер бар?


Д)Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?



  1. «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)


3.Ана  туралы мақал-мәтелдерді жазыңздар.(4)



  1. «Дос» тақырыбына байланысты берілген   сөздермен    5   cөз тіркесті құрастырыңыздар.


Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр.


5.Берілген  мақал-мәтелдің  мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар


1)Жаман достан-таяғым артық.


 


II Грамматикалық тапсырмалар


1.Берілген  сөздерді  қатыстық  және сапалық сын  есімдерге ажыратып жазыңыздар.


Сабырлы, момын, ашулы, ақылды, ашық, қатты, күшті, жақсы, жаман,қалалық, ізетті, әдемі.


2.Нағашы- тәуелдеңіздер.


3.Ақша –  септеңіздер.


4.Берілген  сөздер ішінен мекен үстеулерді  теріп  жазыңыздар


Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.


5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


II нұсқа


 


I.Лексикалық  тапсырмалар:                                       



  1. «Менің достарым» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:


А)Сенің  досың бар ма?


В)Сенің досың неше жаста ?


С)Досыңның мінезі қандай?


Д)Сенің ойынша дос қандай болу керек?



  1. «Аяқ киім дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)


3.Ана  туралы мақал-мәтелдерді жазыңыздар.(4)



  1. «Қазақстан валютасы» тақырыбына байланысты берілген   сөздермен    5  cөз  тіркесті құрастырыңыздар.


Теңге, сауда, сатушы, дүкен, нарық, валюта, сауда орталықтар.


5.Берілген  мақал-мәтелдің  мағынасын түсіндіріп жазыңыздар


1)Ана- ардақты  ат.


II.Грамматикалық тапсырмалар.



  1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп  жазыңыздар.


2.Туыс- тәуелдеңіздер.


3.Дүкен –  септеңіздер.


4.Берілген мекен үстеулерді пайдаланып,  3 cөйлем құрастырып жазыңыздар.


төмен, жоғары, артында, сыртында


5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу