Эсселер ✍️

  02.02.2024
  35


Автор: Есепшілер күні (Бухгалтер)

Есепшілер күні құтты болсын!

Шағын, кішкентай жеке кәсіпорындардан бастап, ұлттық холдингтер мен мемлекеттік құрылымдарға дейінгі кез келген компания үшін Есепшілердің қызметттері керек екені сөзсіз. Олар өз істеріне ұқыптылықпен қарамаса қызмет етіп отырған кәсіпорын шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан олар әрбір істеріне аса ұқыптылықпен қараулары міндетті. Олар әрбір жасап отырған есеп қисаптары үшін жауапты. Сондықтан олардың жұмыстары өте маңызды болып табылады. Оларға қателесуге болмайды. Бір санның өзінен қате кетер болса мекемеге шығын әкелуі мүмкін немесе мекемеде үлкен дау туу мүмкін дегендей.
Қарапайым өзіміздің үйімізді мысал етіп қарайықшы. Үйге күнделікті азық-түлекке, киетін киіміміз бен басқа да керекті жарақтарға ақшаны есептеп кейде жеткізе алмай отырамыз. Ал Есепшілер сол берілген айлықты мамандардың жасаған қызметіне қарай есептеп, мамандардың түрлі жағдаймен кейде жұмысқа шықпай қалатыны бар, соның барлығын есептеп айлығын беру оңай шаруа емес.
Осындай күрделі, әрі қызықты кәсіп түріне қатысы бар Есепші мамандарын бүгінгі6 қазан Есепшілер күнімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу