01.02.2024
  17


Автор: Есепшілер күні (Бухгалтер)

Есепшіер құтты болсын мерекең

Есепшілер құтты болсын мерекең,
Атаулы күн қазанның оны бүгін.
Мерекеде арта берсін берекең,
Сәттілікке толы боп әрбір күнің.

Мерейлерің үстем боп, жарқыраңдар,
Еңбектерің жанданып, жеміс беріп.
Көңілдерің көтеріліп, ортаймасын,
Қадамдарың оң болып, жеңіс беріп.

Арайлы таң шуақты нұрын шашсын,
Жарқыраған жүздерің күлім қағып.
Шаттана түс Есепшілер бақ таба түс,
Аспаныңда жұлдыздарың жымың қағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу