25.01.2024
  478


Автор: Асқар Жұмаділдаев


Мысалы, қазақтар жапонның көлігін мінгісі келеді, мініп те жүр, бірақ жапон өлшемдерімен өмір сүруді ойламайды. Сол секілді америкалықтар құсап жалақы алғысы келеді, алып та жүр топ-менеджерлер, бірақ америкалық өлшеммен елді дамытуға бастарын да қатырғысы келмейді. Бұл дұрыс емес нәрсе. Егер бір үрдісті алғыңыз келсе, оны толықтай, 100 процент енгізу керек. Біздің реформалардың ақсап жатқандығының бір себебі осында. Ана арадан бір жұлып, мына арадан бір жұлған шалағайлық бәрі. Одан түк шықпайды. Қазір Қазақстанда ең коррупциялы кәсіпті атаңыз десе, мұғалім мен дәрігерді атайды.

Неге? Өйткені бүкіл жүргізілген реформа осы екі қастерлі мамандықты аяқ астына тастап жіберді. Әйтпесе, кез келген мемлекетке барыңыз, мұғалімді ұстаз деп алақандарына салады, дәрігерді қалай құрметтейді. Ал, бізде ешқандай құрмет жоқ. Қарап тұрсаңыз, адамдардың көзқарасы мұғалімге де, дәрігерге де, полицияға да қарсы. Бұл дұрыс емес қой. Неге мұндай көзқарас қалыптасты? Бұл үшін осы мамандық иесі кінәлі деп ойлайсыз ба, жоқ әрине.



P. S. Сіз қалай ойлайсыз, замандас?  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу