25.01.2024
  24


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Қандай заттардан зекет берілмейді?


Жауап: Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді. Олар:


1. Баспанасы,үйжиһаздарыменпайдаланатынқұралдары;


2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының аспаптары;


3. Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық (басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;


4. Өзі және отбасының киетін киімдері;
5. Дәрі-дәрмектер;
6. Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор,


комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құралсаймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет алынады.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу