21.01.2024
  26


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Гинекологқа қаралса, әйелдің оразасы бұзыла ма? Жауап: Гинекологқа ауыз ашқаннан кейін тексерілгені абзал. Ханафи мазһабында ораза кезінде қаралған жағ- дайда сұйықтық жағылған зат әйелдің әуретіне салынса (енсе) оразасы бұзылады. Сонымен бірге, қандай да бір зат ішкі әуретке түгелдей салынса, ораза бұзылады, Мысалы: ішкі әуретке «Тампон» тұтас енсе яғни, оның бір бөлігі сыртқы жақта қалмаса ораза бұзылады. Бірақ, түгелдей салынбаса және құрғақ болса, онда ораза бұзылмайды.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу