21.01.2024
  22


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Бір кісі оразасын тұрғылықты жердің уақыты- мен ұстап, кейін жолаушылап шетелге сапарға шыққан. Алайда оразасын өзінің тұрғылықты қаладағы ораза кес- тесіне сәйкес ұстап жүрген. Сапарлатып барған қала мен өз үйінің арасында 2 сағаттық айырмашылық бар. Яғни, шетелдегі уақыт 2 сағат кейін. Мұндай жағдайда ораза ұстаушының оразасы дұрыс бола ма?





Жауап: Жағдай толық талдануы керек. Шетелдегі уа- қытпен салыстырғанда тұрғылықты жерінің таң ату және күн бату уақыты сәйкес келсе, оразасы дұрыс. Ал егер сәресі мен ауызашар уақыттары сәйкес келмесе, шетелдегі тұтқан оразаның қазасын өтейді. Ең дұрысы – мұндай ұлық құлшылықты қателеспей орындау үшін сақтықпен қарап, қай елде тұрған болса, сол жердің ораза кестесіне сәйкес ораза ұстау. Себебі екі қала арасында сағат айырмашы- лығы болмағанымен, таңның атып күннің батуы кейде сәйкес келмеуі мүмкін.










Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу