21.01.2024
  24


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ұшақта күн көрініп тұрса да, кесте бойынша ауыз ашса, оразасы дұрыс па?


Жауап: Ханафи фиқһ кітаптарында келген бір деректе Әбу Мұса әд-Дарир есімді ғалымға мынадай сауал қойылады: «Әлдекім Александрия қаласындағы мұнаралардың біріне шыққан жағдайда қаладағылар үшін күн батып кеткенімен мұнараның төбесінде тұрған кісіге ұзақ уақыт күннің көзі көрініп тұрса, аузын ашуына рұқсат па?» – деп сұрайды. Сонда ғалым оларға: «Оған (мұнарадағыға) рұқсат жоқ. Қала тұрғындарына рұқсат. Өйткені әркім тұрған жеріне қарай жауапты болмақ», – деген екен. Сондықтан, жергілікті халыққа күн батып тұрғанымен мыңдаған метр биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтағы адамға күннің көзі көрініп тұруы мүмкін. Осыған орай, ұшақтағы жолаушылар кестені емес, күннің батуын негізге алады. Өйткені ауыз ашу үшін күннің батуы шарт. «Бақара» сүресінің 187-аятында: «Оразаны түнге дейін (күн батқанға дейін) толық ұстаң- дар», – делінген. Бұл сапарда ораза ұстағысы келген адам үшін берілетін үкім. Алайда, жолаушы адам сол күндері ораза ұстамауына рұқсат екенін ескерген жөн.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу