21.01.2024
  28


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ауыз ашарда әуелі дұға жасалады ма, әлде ауыз ашқан соң дұға жасала ма?


Жауап: Сәресіде әуелі су ішіп, содан соң дұға оқып бекітеді. Ал ақшамда әуелі дұға жасап кейін ауыз ашады. Ауызды құрма не сумен ашқаны абзал әрі ұнамды амал. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауыз ашар сәтіндегі ораза тұтқанның дұғасы кері қайтарылмайды», – деген (Тирмизи). Хадисте «ауыз ашар сәтіндегі дұға» деп келген. Демек, риуаяттан ауыз ашардан алдын дұға жасаған абзал екендігін аңғаруға болады. Десе де, ауыз ашар уақытында дұға жасау ерікті әрі сауапты іс болғандықтан әуелі аузын ашып кейін дұға жасауының да оразаға зияны жоқ.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу