21.01.2024
  28


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Биыл бірінші рет ораза ұстап жатырмын. Бірнеше күн сәресі уақыты күн шыққанға дейін жалғасады деген оймен тамақтанып жүрдім. Кейін оның дұрыс еместігін білдім. Бұндай жағдайда алғашқы ораза ұстаған күндерім не болады?


Жауап: Жалпы шариғат бойынша оразаның басты шартының бірі – уақыт. Яғни ауыз бекіту және ауыз ашу уақыты. Ауыз бекіту таң намазы уақытының кіруімен басталып, күннің батуымен аяқталады. Сондықтан сіздің жағдайыңызда сәресі уақытын дұрыс білмегендіктен сол күндердің қазасын өтеуге тура келеді.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу