20.01.2024
  107


Автор: Саидмурод Давлатов

БАЙ АДАМДАР ЕРЕЖЕСІ

Ал енді, өзіңізді қолтырауындар жүрген бассейндемін деп ойлаңыз. Астарлы мағынада«бассейн» орнында қаржы саласы, ақша əлемі болуы мүмкін. Сізді тек, Сіздің ақшаны басқара алу қабілетіңіз ғана құтқара алады. Ал, бұл үшін, қаржы саласындағы ақша айналымының қағидаларын, заңдарын білу қажет. Дəл осы білімді мен сіздерге ұсынып отырмын.


 


Алдымен, өз өміріңізде қолдануыңыз қажет, бай адамдардың бірнеше негізгі ережелерін есте сақтаңыз:


 


Мақсат дегеніміз, ұсақ идеялар немесе заттар жиынтығы емес, ол сізді құштарлық сезіміне толтырады, жұмыс істеп, алға ілгерілеуге көмектеседі.


 


Ақша да адам секілді болып жатқан жағдайларды сезеді. Оған жақсы қарап, сыртқа серпімеңіз, сонда ақша сізге өзі келіп, қалатын болады.


 


 


Өз болашағын жоспарламайтын адам, өзінің өмірі басқа адамдардың қолымен жасалатынына көнуі тиіс.


 


Бізде бар заттар – біздің істеген ісіміздің нəтижесі.


 


Осы ережелерді есте сақтаңыз. Үй, көлік, саяжай – бұлар мақсат емес. Бұдан əрі біз бұл тақырыпқа оралатын боламыз.


 


Біз неге ақша, байлық туралы сөз қозғап от ырмыз? Қолтырауыны бар бассейн туралы нақыл естеріңізде ме? Біз ақша басқаруды үйренуіміз қажет. Үлкен ақша ма, аз ақша ма маңызды емес. Қандай рухани адам болсаңыз да, тіпті тақуа болсаңыз да, ерте ма кеш па сізге ақша туралы ойлану қажет болады. Егер өзіңізде жол жүру үшін ақша болмаса, ешкім сіздің дипломыңызға мəн бөлмейді, ғылым докторы деген ғылыми атағыңызға да қарамайды. Осы кезде сіз өзіңіздің жағдайыңызға қынжыласыз.


 


Екінші ережеге көңіл аударыңыз. Əйтеуір бір уақытта, бір күн ішінде, өткен жылдардан артық ақша табамын деп ойлаңыз.


 


Бұл    спорт     жарыстарына     ұқсайды. Минут ішінде шешілетін жарысты жеңу үшін спортшы көп айлар, жылдар бойы жаттығады. Сəттілік оған осы минуттарда келді деген біздің ойы мыз жаңсақтық болып табылады. Жетістік – ұзақ мерзімді, жалық- тыратын жаттығулардың, күнделікті еңбектің нəтижесі.


 


Ақша – өмірдегі ең маңызды зат емес, алайда, ол жетіспесе маңызды затқа айналады.


 


Егер сіз, өзіңіз армандағандай өмірге лайықтымын деп есептесеңіз, сізге ақшаны басқаруды үйрену қажет. Себебі, ақша сіздің қандай деңгейде екендігіңізді анықтайды.


 


Сондықтан, есте сақтаңыз, сіздің армандарыңыз бен мақсаттарыңыз жəне үмітіңіз, тек нақты қалаған жағдайыңызда, сізді байлық пен жетістік жолына əкелетін уақыт жақындап келеді. Міне, сол кезде өзіңіз бір кездері армандаған мүмкіндіктерге жетесіз. Оларды жүзеге асыруға тырысыңыз.


 


Осы кітапты оқи отырып, барлық жаман ойларыңызды тастаңыз, күлімдеңіз жəне жағымды қабылдауға бағытталыңыз. Сіздің көңіл-күйіңіз жақсы болуы тиіс, себебі, жақсы көңілде сіз барлығын дұрыс қабылдап, тез үйренесіз.


 


 


 


 


Жарқын көңіл-күй – тек денсаулықтың нышаны емес, сонымен бірге аурудан сақтайтын ең жақсы тəсіл.


 


С.Смайлс


 


 


 


 


 


 


Алдымен бір есте қаларлық оқиғамен бөліскім келеді. Бір кішкентай қыз анасының қасына жүгіріп келіп, сұрайды:


 


– Сен өскенде кім боласың? Анасы ойланбастан, жауап береді: – Əйел боламын.


– Ана, сен неге өтірік айтасың, сен қазір əйел емессің бе, деді қызы, – айтшы енді, өскенде кім боласың?


 


– Мен ұстаз боламын, – деді анасы.


 


– Сен қазір де ұстазсың ғой, деп таңданыспен қызы сұрағын қайта қойды:


 


 


– Ана сен өскенде кім боласың?


 


 


Осы кезде анасы, өзінің қызы үшін əрдайым ана да, ұстаз да болғанын жəне мұның аз екендігін түсінеді. Сол уақытта ол, өзінің бұл өмірде одан маңыздырақ, одан да көбірек затқа қол жеткізе алу мүмкіндігінің болғандығын сезінеді жəне осы ар манды қызының көздерінен көреді. Барлық балалар өз ата-аналарын артқы қатардан емес, басты рөлде көргісі келеді, олар бізге жоғарғы нəтижеге қол жеткізе алатындығымызды, өз армандарымызды жүзеге асыра алатындығымызды жеткізеді.


 


Балалар өз ата–аналарын мақтаныш тұтқысы келетіндігі естеріңізде ме.


 


Мақсат дегеніміз, ұсақ идеялар немесе заттар жиынтығы емес, ол сізді құштарлық сезіміне толтырады, жұмыс істеп, алға ілгерілеуге көмектеседі.


 


Ақша да адам секілді болып жатқан жағдайларды сезеді. Оған жақсы қарап, сыртқа серпімеңіз, сонда ақша сізге өзі келіп, қалатын болады.


 


Өз болашағын жоспарламайтын адам, өзінің өмірі басқа адамдардың қолымен жа- салатынына көнуі тиіс.


 


Бізде бар заттар – біздің істеген ісіміздің нəтижесі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу