Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  126


Автор: Жібек Ысқақова

УАҚЫТ

Уақыт шіркін зырылдайды, тұрмайды,
Өткен күндер алыстан қол бұлғайды...
Біреулердің жастық шағын ұрласа,
Біреулерге бағасыз күн сыйлайды...
Бір қарасаң таң атады, шуақты,
Көп өтпей-ай кеш басады қыратты.
Күйбең тірлік, өтіп жатқан өмір-ай,
Қуаныш пен күй сыйлаған бірақ-ты...
Сәбилерге уақыт жарқын үн берер,
Әр күн сайын ақыл сана, сыр берер...
Қарт адамды ойландырып, тағдырын,
«Өлім» деген алдан тосып үлгерер...
«Өлім»-деген жас кәріге қарамай,
Келе берді-ау жан-жағыңды аралай...
Көлік пенен әуенің көп апаты,
Жаулап жатыр кей адамды жағалай...
Өтіп жатыр уақыт шіркін осылай,
Өткен адам тарихқа үнсіз қосыла-ай...
Эх өмір-ай, бүгін барсың, ертең жоқ,
Ойлай қалсам кетем іштей шошып-ай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу