04.12.2023
  18


Автор: Сұрақ-жауап

Ассаламу алейкум! Ақ шашты немесе сақалдың ағын жұлуға бола ма? Бұл жөнінде шариғатта не айтылған?


 


Жауап


Уа алейкум ассалам!


Амр бин Шұғба (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Ақ шашты жұлмаңдар, өйткені, ол – мұсылманның нұры. Қайсыбір мұсылман Исламды орындай жүріп, шашына бір тал ақ түссе, оған сауап жазылып, бір дәрежеге көтеріліп, бір күнәсі кешіріледі», – делінген.


Ал, Әнас бин Малик (р.а.) баян еткен бір хадисте: «Кісінің шашынан және сақалынан ақ шашты жұлуы – макрух», – деп айтылады.


Түйіндей айтқанда, шаш пен сақалдағы ақ тал шашты жұлуға болмайды. Ал, хна сияқты табиғи бояулармен түсін өзгертуге рұқсат етіледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу