03.12.2023
  19


Автор: Сұрақ-жауап

Жас жұбайларды үйлену тойда қалай құттықтаған дұрыс?

Ассаламу алейкум! Достарымыз үйленіп, беташар немесе тойға барғанда жастарға қалай тілек айтқан жөн?


 


Жауап


Отау тігіп, шаңырақ көтерген жастарды ақ некелерімен құттықтау – сүннет. Сахаба Әнас (р.а.) риуаятында: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абдурахман бин Ауфтың (р.а.) үстінен сарғылт бір белгі байқап: «Бұл не?» – деп сұрайды. Ол: «Ноқат салмағындай алтын мәһр беріп, әйелге үйлендім», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала саған (әйеліңді) берекелі етсін (Барака Аллаһу ләкә), бір қой сойып болсын той жаса»[1], – деді.


Құттықтауда қолданылатын тағы бір тілек төмендегі хадисте айтылған. Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) үйленгендерді құттықтағанда «Барака Аллаһу ләкә, уә барака алейкә, уә жамаға бәйнәкумә фи хойр! (мағынасы: Алла саған берекелі етсін және береке жаудырсын, екеуіңнің араларыңды жақсылықпен қоссын»,-деп тілек айтушы еді»[2],-деп баяндайды.


Хадистердегі ақ тілектермен қатар «Қосағыңмен қоса ағар», «Қондырған құсың құтты болсын!», келіншекке «Орамал құтты болсын!» деп те құттықтауға болады. 



 





[1] Бұхари
[2] Тирмизи






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу