02.12.2023
  23


Автор: Сұрақ-жауап

 Шариғатта сұрап-білгеннің айыбы жоқ деген ниетпен мына мәселені білгім келеді: Төсекте ерлі-зайыптылар жыныс мүшелері бір-біріне тисе ғұсыл алу парыз ба? Ержан  


 


Жауап


Уа алейкум ассалам!


Ер кісі жыныс мүшесінің басы әйелдің жынысына енсе ғұсыл алу міндет болады[1]. Мұндайда мәни шықса да, шықпаса да толығымен жуыну парыз.


 Бұған негіз ретінде мынадай хадистер бар:


1.Әбу Мұса Ашғари (р.а.) риуаяты: «Бір топ мұхажир және ансар сахабалар тартысып қалды. Ансарлықтар: «Ғұсыл тек ұрық атып шықса ғана міндет болады», – деді. Ал, мұхажирлер: «Ерлі-зайыптылар жанасса ғұсыл міндет», –десті. Әбу Мұса: «Сендердің мәселелеріңді мен шешіп беремін», – деп, мұсылмандар анасы Айшаға (р.а.) барып сұрады. Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Ер кісі әйеліне жақындап, бірінің мүшесі біріне жанасса – ғұсыл міндет» дегенін айтқан[2]»;


2.Абдулла бин Уаһб риуаяты: «Егер екі жыныс мүшесі жанасып еркек мүшесі әйелге енсе, ғұсыл құйыну міндет. Ұрық шықса да, шықпаса да[3]»; 


[1] Мұхтасар Уиқая, 38-бет
[2] Муслим
[3] Муснад




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу