02.12.2023
  20


Автор: Сұрақ-жауап

Кейбір кітаптарда келген бұл әңгімеде адамдарға сиқыр үйрету үшін адам кейпінде түсірілген Һарут, Марут атты қос періштенің бір әйелге ғашық болып, күнәға батып, ақырында жер бетінде қалып қойып, азапталатындығы айтылады. Осы қаншалықты рас?


 


Жауап


Расында, бұл қисса – ешбір қисынсыз, негізсіз әңгіме. Бұл аңызды діннен безген дәлдүріштер шығарған. Шындығында да бұл екі періште аятта айтылғандай, Алланың әмірімен адамдарға сиқыр мен кереметтің айырмашылығын үйрету үшін түсірілген еді.


Ал олардың жердің бетінде күнәға батып, пендешілікке салынатындығы туралы аңыз ешбір дәлелі жоқ қып-қызыл жала.


«Бірақ шайтандар адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда Һарут және Марут атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, күпірлікке бармаңдар» деп айтпайынша ешкімге ештеңе де үйретпеген»[1].


ҚМДБ Пәтуа бөлімі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу