28.11.2023
  24


Автор: Сұрақ-жауап

Керең адам жамағатпен намаз оқи ма?

Ассалам алейкум. Жастайымнан құлағым естімейді. Қазір намазды толық оқып жүрмін, мешітке де барамын. Адайда намазды жамағатпен оқыған кезімде имамды мүлдем естімеймін, тек қасымдағы адамдардың іс-әрекеттерін қайталап тұрамын. Бұған онша көңілім толмайды. Осылай оқыған намазым дұрыс па, әлде жамағатсыз оқығаным жөн бе?


 


Жауап


Уа алейкум ассалам. Егер намазыңыздың сыртқы[1] және ішкі парыздары[2] толық болса, онда оқыған намазыңыз дұрыс болып есептеледі.


Жамағатпен оқылған намазда айналаңыздағы адамдардың іс-әрекеттерін толықтай қайталап отырсаңыз, еш кемшілігі болмайды. Намаздың қабыл болу-болмауы – Алланың қалауымен.


Сәттілік иесі Алла ғана.


Айбек Әбдіқадыр
 


 





[1] Дәрет пен ғұсылдың болуы, намазға кедергі келтіруі мүмкін нәжісаттан тазалық, әурет жабық болуы, құбылаға бетті бұру, уақыттың кіруі, ниет ету.
[2] ифтитах (ашу, бастау) тәкбірін айту, қиям (тұру), қырағат (Құраннан сүре немесе аяттарды оқу, алайда жамағатпен оқыған адамға имамның оқығаны жеткілікті), рүкүғ (енкею), сәжде және ақырғы отырыс.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу