27.11.2023
  27


Автор: Сұрақ-жауап

Ассалам алейкум. Шәууәлдің алты күн оразасын қай күндері ұстайды. Әрі арасын бөліп ұстауға бола ма?


 


Жауап


Уа алейкум салам. Шәууәл айының алты күн оразасын ораза айт күні бітісімен, яғни Шәууәл айының екінші күнінен бастап айдың соңына дейінгі аралықта ұстауға болады.


Және де Шәууәлдің алты күнін қаласа үзіп, қаласа қатарынан да ұстайды. Ханафи мазхабы ғалымдары аптасына екі күннен ұстауды мұстахаб деген. Алайда басқа ғалымдар айттан кейін бірден ұстап тастауды мұстахаб көрген[1].


Ең дұрысы Аллаға мәлім.


Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы



 





[1] Маусуға фиқхия






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу