27.11.2023
  40


Автор: Сұрақ-жауап

Сұрақ: Ассалам алейкум. Намазды жинап оқыса бола ма?


Алтыншаш


 


Жауап


Жауап: Уа алейкум ассалам. Намазды барынша уақытында оқуға тырысу керек. Себебі Алла Тағала Құранда:


إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا


«Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды»[1]– дейді. Яғни, әр намаздың белгілі уақыты бар. Намазды сол белгілі уақытта оқудың үкімі – парыз.


Ал егер қандай да бір себептерге байланысты намаз уақытында оқылмай қалса, ол намаздың қазасы өтеледі. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с):


مَنْ نَسِيَ صَلَاةً فَلْيُصَلِّ إِذَا ذَكَرَهَا لَا كَفَّارَةَ لَهَا إِلَّا ذَلِكَ


«Кімде-кім намазын ұмытып кетсе, оны есіне түскенде оқысын. Оның бұдан басқа кәффәраты[2] жоқ»[3] деп бұйырған.


Тоқетері: әр намазды өз уақытында оқу керек. Егер кей себептерге байланысты намаздарды уақытында оқи алмасаңыз, ол намаздардың қазасын қосып оқысаңыз болады.


Ең дұрысы Аллаға мәлім.


Айбек Әбдіқадыр


 


 


[1] Ниса 103




[2] өтемі




[3] Бухари






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу