Әңгімелер ✍️
Елес қыздар
Осы бір басымнан өткен оқиғаны бастамас бұрын,нәзік жандылардан бас иіп кешірім сұраймын.Өткен істеген күнәмнің өзі тым ауыр.Адамнан қорықпайтын мені Алла тәубама келтірді.
Балалық кезім өте бақытты өтті.Үйдің еркесі,ата әжемнің серкесі болдым.Алдымда ағаларым,әпкелерім бар.Ата-атам беделді қызметкерлер.Ата-әжемде кезінді аурухананы басқарған басшылар болған.
Баршылықта өскен біздер,ештеңеден тарықпай қалаған нәрсемізді алып емін-еркін өстім.16жасымнан бастап көлік тізгінін ұстап,жігіт бола бастадым.Жылдамдықты қатты асырып,талай рет әкем артымды жауып жүрді.Абырой болғанда адам қақпадым.Көлік соғып кету ,жылдамдық асыру дегендей …
18жасымда мектеп бітіре сала ,әкем ең мықты мед.акедемияға оқу орнына түсірді.Ешқандай басымда білім жоқ.Тек оқыды деген атымен диплом болса болды.Жай байлар үшін құр атақ.Сессия ,басқасына еш бас қатырмаймын.Қалаған кезде ғана оқуға барамын.Ондада әкемнің айқайымен,көліктің кілтін бермеймін деп мәжбүрлі түрде қорқытқасын амалсыз баруға тура келеді.Мамандығым дәрігер.Ең білімді қажет ететін,жауапкершілікті талап ететін мамандық.
Иә, әкем мен ата-әжемнің қалауымен мен сорлы біліксіз дәрігер болдым. Ақша деген не істетпейді? Әжем бала кезден:
—Менің құлыным атасына тартып дәрігер болады. Мен ауырсам мені тек сен ғана емдейсің?-деп әбден әжем құлағыма құйып өсірді. Әжемнің көңілі үшін «ия әже» дейтінмін.
Шыны керек «қандай мамандық боламын немесе мен қалай өмір сүремін? деген сұрақтарды мүлдем ойламаппын. Әке-шешемнің, ата-әжемнің ақшасы, мұрасы менікі. Мен мұрагермен деген ойлармен ғана өмір сүрдім. Байлық бар кезде әрі мұрагермін, мен тек қыдыруым керек. Жастық шақта тек қызық көріп қалуым керек!» деген сасық ойлармен өмір сүргенім үшін қатты өкінемін…
Еліміздегі ең мықты мед.акедемияға жақын, қымбат пәтерді әкем жалдап қойды. Астыма қымбат көлікті берді. Оқуға барып жүргенімді деканнан сұрап отырады. Мені қадалаған түрі. Деканда әкемнің алдында құрдай жорғалап, сессия кезінде өздері атымнан өткізіп жібереді. Тек менікі бару, сабақ біткенше музыка тыңдап отыру. Ол кездері плеер бар. Телефон дегендер енді шығып жатыр. Бірақ музыкасы жоқ. Тек байланыс үшін ғана ұстайтын.Солай оқудағы жылымды әзер өткізіп жүргенде кешкі қаңғу басталды. Кешкі жын ойнақты жұмақтай көріп, ең керекті білім ордасын тозақ көретін едім.
Қасыма өзім сияқты өңшең жын-жыпырлар жиналған. Оқуда сол байдың баласы екенімді әлдеқашан көрсетіп қойғанмын. Кейбір қыздар бар. Тілімен тиісіп, өздері қырындап, қыдыруға ұсыныс тастайтын. Кез-келген қызды қабылдай алмайсың.Ең алдымен түріне, мүсініне қарап, кешке ол қызды қыдыртып, жабысқанда ешқандай қарсылық білдірмесе, сол жерден ол сорлының етегін түріп, керегімді алып, одан кейінде жалыққанша пайдаланып тастап кететінмін. Ол қыздар көп аса өзін ұсынып, пайдаланса үйленеді деп ойлайды. Олар жылап еңіреп жүктімін деп келгенде:
—Ей, жалеп! Менімен ғана болғаныңды қалай дәлелдейсің? Менен басқа қанша адаммен болғаныңды кім біліпті?Мазамды алмай, көзіме көрінбе? Білесің ғой, қазір көшенің шибөрілеріне ақша беріп, сені көрсетсем, сені айырып тастайды.Түсіндің ғой!-деп байғұс қыздың жүрегіне қорқыныш сыйлап, бір ауыз сөз айтуға мұрша бермей қуып жіберетінмін.
Бұл күнәм тек бастамасы екен. Қасымда тағы мен сияқты екі азғын бар. Үшеумізде байдың еркелеріміз. Бастапқыда сыра ішіп, қызбен жатқанға мәз болып қызықты кеш деп жүрсек, ол жай көңіл көтеру екен. Уақыт өте оданда жалықтық.
Есірткі деген нәрсені жайлап қолдана бастадық. Жігіттерге айтып алдыртып, одан эротикалық дискілерден неше түрлі нәрселерді көріп, қыздарға соны жасап, күнә үстіне күнә жасап жүрген кезім еді.
Жасап жүрген күнәміз аздық етті. Әрі қызықсыз еді. Сонан үш азғынға мынадай арам ой келді. Әрине ол арам ойды мен бастадым.
—Жігіттер, мен бізге келетін жалептерден шаршадым. Олар қызық емес. Давайте көшеде әдемі қыз көрсек немесе группадағы әдемі сыпайы қыздарды алдап әкеліп, қалағанымызды жасайық!-деп ұсыныс айттым.
Ескірткіден мәңгүрттенген оларда келісе кетті. Ең алдымен группадағы сыпайы әдемі қыздарды жайлап сөзбен сындырып, кешке қымбат көлікпен қыдыртамын деп алдап, пәтеріме әкеліп үш азғын болып ол байғұс қыздың көз жасына қалдым…
Бұл жағдай бір емес бірнеше қыздың басында қайталанды. Жалынғаны қаншама, шегіп алған біздерге олардың жалынып, шыңғырып жылағаны түк әсер етпейтін. Кейбірі өздеріне қол салып өлді. Бірі көпірден секірді. Бірі жатаханада асылып жан тапсырды. Естіген біздер:
—Шамасы бұл қызға біз жақпай қалдық!-деп өзара мазақ етіп күлетін едік.
Абыройынан айырылған намысшыл қанша қыздың обалы, бейкүнә сәбидің өлімі мойнымызға ауыр қасірет әкелетін мен сорлы кеш түсіндім.
Екі жылдан аса бұл ісіміз жалғасын тапты. Байғұс қыздар не шағымдана алмайды. Оларды әбден қорқытып тастағанбыз. Әрі намыстарында ойлаған болу керек. Әйтеуір көз жастары көл болып, ешқайсысы біздің ит тірлігімізге тосқауыл қоя алмады.
Дегенмен бізді Алла тоқтатты деп айта аламын.
Шегіп алған біздер түн батса, жарғанат секілді көше кезіп, кезекті құрбанымызды іздейміз. Сондай сәттің бірінде көлік апатына түсіп, ауыр жарақат алып, қасымдағы бір азғын сол бойда кеуде тұсына темір кіріп, тілсіз кетті. Мен біраз ай бойы комада жаттым. Бас бөлігінде ми орталығы қатты шайқалып, зақым алдым. Артқы орында отырған тағы бір азғын дін аман. Бірақ біздің жарақатымызбен досының өлімін көзбен көрген ол есінен ауған екен. Көп ұзамай өзін жоғары этаждан тастап жіберіпті.
Солай үш азғынның біреуі мен ғана тірімін. Ия тірі деген атым бар. Есімді жиып, үйге келгеннің өзінде де түнгі ұйқым дұрыс болмады. Көзімді жұмған сайын, қыздардың жылаған бейнесі, неше түрлі суық қыздың қолдары денемді қарып өтетін. Бұл жағдай комада жатқанда басталған еді.Түсім мен өңімді шатастырған мен әбден қиналдым. Қанша байлық, ақша болсада, тәнімді қаншама қымбат дәрімен емдесе де, көзімді жұмсам, елес қыздар айналамда толып жүргендей, жынды адамша айқайлап жылайтын халге жеттім. Өйткені тым қорқынышты сұлбалар, суық қолдар. Тура қорқынышты кинодағыдай.
«Өмір-алма кезек» деуші еді. Енді міне еркек басымен көзіме елестеген қыздардан қорқып:
—Тиіспеңдерші, жалынамын! Көзіме көрінбеңдер!-деп жалына, кейде жын ұрғандай айқайлап жылайтын халге жеттім.
Кезінде ол бейкүнә қыздар,шырылдап маған жалынған еді. Ал мен олардың жай ғана сұлбасынан қорқып жүрмін. Бастапқыда бұл қылығымды үйдегілер комада жатқаныммен, көп мөлшерде дәрі қабылданғаннан деп ойлап жүрді. Дәрігерлерде солай ойлады. Өйткені басымнан соққы алдым.
Деседе менің жағдайым тым бөлек. Олар көрмейтін елесті мен көретінмін. Ол елестердің біреуі сол өзім арын таптаған қыз. Қалғандарының түрі есімде жоқ. Көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұрлап, бүктеп көлікке салып алатынбыз. Сосын ол байғұстың аузына арақ құйып, үнін өшіріп қалағанымызды жасап, кез келген жерге тастап кете саламыз. Сондықтан олардың көбісінің түрі есімде жоқ.Менің ерсі қылығымды үйдегілер қабылдап, бөлмеден шығармай, күтіп дәрілерімді уақытылы беріп жүрді. Бірақ ешқандайда әсер етпеді. Әкем бар ақшасына Германияда ең мықты деген дәрігерден кеңес алып, дәрілердің рецептін сол жақтан алдырды. Қанша қыздардың қарғысы мен көз жасына қалған маған ол дәрілерден еш пайда болмады.
Түн. Арпалысқан елестер. Оларға жалынып, көз жасыма тұншыға жылаймын. Бір уақыт шыдай алмай олармен арпалысып қабырғаларды ұрып, айқайлаймын. Қасыма ешкім кірмейді, бәрі өздерін ойлап қорқады. Жындыханаға өткізуге ата-әжем қарсы.
Ал менің әрбір көзімді жұмып, кішкене көзім ілінсе болды. Бірнеше елес қыздар жылаған ащы дауыстары құлағыма естіліп, бірі қылғындырып, бірі кеудемде ауыр салмақпен отырады. Өкпем қысылып, тыныс алуым қиындап қатты қиналдым.
Қанша уақыт екені белгісіз,біраз қиналған мен бұл азаптан құтылу үшін өзімнің киімдерімен өзімді асып өлтіремін деп ойладым. Үстіме киген ұзын жеңді киіммен мойныма орап тарта бастадым.Көзіме көрінетін елестерде тып-тыныш болып қалды. Өзімді солай күнде қинасамда қолымның күші жетер емес. Бірақ солай жасасам, елестерді көрмеймін.Бұл ісімді үйдегілер байқап, әжем бәрін қойып, емші-балгер жағалады.
Ең білікті, мықты деген емші әрі көріпкел әйел:
—Бұл қарғыс пен көз жасын арқалаған екен. Дені сау болсада, бұл бала біраз жандардың наласына қалған. Емі тек сол ренжіткен жандардың бейітіне құран бағыштап, Алладан кешіру сұрасын. Намаз оқысын, Алланың алдында бас иесін!Сонда ғана бұл жағдайдан арылады!-деді.
Бұл сөздерді естіп отырған мен солқылдап жылап жібердім. Ата-әжем жуындырып, мешітке әкелді. Оларда осы кезге дейін намаз оқымаған жандар. Атам сол мен үшін намаз үйретіп, мағанда үйретіп, Алланың жолындағы алғашқы қадамды бастадым.
Өмірім бұрынғыдай емес, сәл жақсарғандай болды. Өзіме енді келіп, кезіндегі танитын группалас, арын таптаған қыздардың мекен-жайын тауып, кешірім сұрауға бардым. Өзіне қол жұмсағандардың бейітіне барып, жылап отырып кешірім сұрадым.
Сонша қалай қатігез болдым екен деген оймен өмір сүріп, қаншалықты күнәһар болғанымды көз алдыма елестеткен сайын, өзімді қоярға жер таппаймын.
Атам екеуміз намазды толық үйреніп, әр жұмада мешіттен табылып жүрдік. Әр күнім мен түнім, кезіндегі жылатқан қыздардан кешірім сұрау болды. Алланның құдіреті шексіз ғой. Кешірім сұраған мен сияқты күнәһарды кешірді. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрынғы күнімді мүлдем ескі алғым келмейді. Намаз оқыған күнім нағыз бақыт.
Оқуымды әлдеқашан тастап кеттім. Ол жерге барғым келмейді. Өмірімде тек Алланың жолында арнағым келді. Барлық жағдайым бар кезде, дін жолына түсіп, медрессе оқи бастадым. Аллаға шүкір. Отызға келіп, өз жартымды жолықтырған мен бақыттымын. Деседе қанша қыздың обалына қалып, оларға бақытсыз сыйлағаным кейде есіме түссе, жанымды қоярға жер таппаймын.
Қазіргі таңда, бірыңғай құран кітап, жайнамаз сататын кәсіпкермін.Кәсіп жасасамда, намазымды қаза қылмаймын. Әжем марқұм болды. Әке-шешем бөлек тұрады. Атам менің қолымда. Әке-шешем менің дінге қатты берілгенімді қаламады. Сол үшін біраз ұрыс болып, мен атам екеуміз бөлек кеттік. Өз күнімді көруді үйрендім. Алған жарымның отбасы жағдайы тым қарапайым еді. Олда анама жақпай, ұрыс шығарып, сонымен әке-шешемнен жырақтадым. Бірақ мерекеде, басқа жиындарда, әке-шешем, бізде бір-бірімізге барып тұрамыз.
Міне менің өмірім. Атам мен әжем мені дін жолына әкелмегенде, мен сол бойы есімім ауып, өмірден өтер медім. Әлде есін білмейтін ешкімге керексіз мәңгүрт болар медім. Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Өмірге қайта адам болып келгеніме.
АВТОРЫ:ІЗТІЛЕУОВА АЙДАНА
авторы:Ізтілеуова Айдана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter