Өлеңдер ✍️

  24.11.2023
  150


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Айырылып қалатындай

Сенен айырылып қалатындаймын,


Қадіріңді әлі де байқамаймын,


Уақыт өтіп бәрі өзгергенде,


Мен сені сағынатындаймын.


 


Шынарым сен менен үміт үзбе.


Қай уақытта болмасын ізде-ізде,


Сен үшін жақын адам болмасамда.


Мен сені ұмытпаймын енді мүлде.


 


Жанармен алыстасып қарап тұрған,


Көз алдымда жоғалдың амал жоқтан.


Мен енді мына сені қалай қиям,


Басқаның көздеріне қарап тұрған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу