Өлеңдер ✍️

Әдебиет
Әдебиет — тәрбиелейді қоғамды,
Сыйлы етер адам менен адамды.
Көп оқысақ әдебиетті, өзіңе,
Сенім берер нық бастырып қадамды.
Әдебиет — жанымыздың бөлшегі,
Оның болмас шектелетін өлшемі.
Әдебиетті оқысаңыз жүрекпен,
Рухтандырып биік етер еңсені.
Әдебиет — көркемділік сыйлайды,
Сыйластық пен ынтымақты тыймайды.
Бар әлемнің халықтарын сүйсінтіп,
Басын қосып бір арнаға жинайды.
Әдебиет — шакарасыз құндылық,
Әр дүниені көрсететін құнды қып.
Жақсылық пен жамандықты көрсетер,
Ажыратып айырмасын сырлы қып.
Әдебиет — изгілікті жалғайды,
Бұл өмірдің әр кезеңін талдайды.
Ғылым менен техника да, негізі,
Әдебиетсіз алға баса алмайды.
Әдебиет — жақсылықтың жаршысы,
Жанды баурап алатұғын бар күші.
Әдебиетті оқы, қане достарым,
Болсын десең өміріңнің мәндісі...
Жібек Искакова, 18.11.2023
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter