Эсселер ✍️

  14.11.2023
  79


Автор: Қылмыстық іздестіру күні

Тәртіп сақшыларының еңбектері

Тәртіп сақшыларының еліміз үшін жасап жатқан еңбектері орасан. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» —, демекші, тәртіп сақшылары мемлекеттік қызметкерлер оларға қарсы шығып, заң бұзушылыққа жол бермеу әрбірімізге парыз. Бір сәт ойлап қарайықшы, тәртіп сақшылары болмаса, бұзақыларды ешкім жазаламаса, сот, судья болмаса еліміз қандай күйге түсер еді?! Көз алдымызға елестетіп көрелікші! Елімізде бұзақылар қаптап, бір күніміз де тыныш өтпесе анық қой. Заң бұзушылыққа қарсы тұрып, күн демей, түн демей қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының жұмыстары өмірлеріне қауіпті, әрі өте ауыр десек болады. Яғни олар өз өмірлерін ойламайды, алдымен елдің жайын ойлап, елі үшін қызмет етеді. Бұзақылармен алысып жүріп қаншама тәртіп сақшылары өмірден өтіп, қаншамасы түрлі жарақаттар алып жатыр емес пе?! Қызмет барысында осындай оқыс жағдайларда өз өмірін емес бұзақыларды құрықтауды ойлаған тәртіп сақшыларының ел алдындағы жасап жатқан еңбектері расында зор.
Олардың еңбектерін бағалау біздің, қарапайым халықтың парызы. Халқына жақын тәртіп сақшылары әрқашанда елдің қолдауына ие болып, адал қызмет етсе халықтың сүйіспеншілігіне бөленері анық. Олар үшін ақша маңызды емес, ел алдындағы абыройы мен беделі маңыздырақ болады. Міне, осындай еліне адал қызмет ететін, ақшаға құнықпайтын тәртіп сақшылары елімізде көп болсын деп тілейміз! Олар көп болса еліміздегі орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар да азаяр еді. Баласын іздеп ана жыламас еді, нақақтан нақақ жазаланып отырған асыл жарын іздеп жұбайлары жыламас еді. Қазақ елінде қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын кезең орналар ма еді, кім білсін!?
Өз істеріне тек адалынан атқаратын тәртіп сақшыларының саны көбейіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілегіміз бар! Лайым тілегіміз қабыл болып, ел үшін деп адалынан қызмет ететін тәртіп сақшылары көп болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу