Эсселер ✍️

  12.11.2023
  148


Автор: Тәуелсіздік күні

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік күні болып мемлекеттік мерекелер қатарына қосылған он алтыншы желтоқсан елімізде ерекше мерекелер қатарында. Бұл күні сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске алып, оларға тағзым етіп, әрі тәуелсіздігімізді тойлаймыз. Бір қуаныш пен бір мұңды арқалаған бұл он алтыншы желтоқсанның еліміз үшін орны бөлек. Қайрат, Ербол Сәбираны еске алып, одан да басқа өлім құшқан жастарымыз бар, сол оқиғадан кейін дертке ұшырап өмірден ерте өткен ұлдарымыз бен қыздарымыз, сол оқиғадан соң есенгіреп есін жия алмай, көз алдарына сұрапыл айдың сұмдықтары келетін желтоқсан оқиғасына қатысушылардың көргендері, бастарынан өткендерін біз көрмесекте жүрегімізбен сезіне аламыз. Өйткені, соо оқиғаға қатысып бүгінде ортамызда жүрген аға-әпкелеріміздің айтуыларына қарап-ақ тәуелсіздіктің есігі бізге оңай ашылмағанын біле аламыз.
Тәуелсіздік — еркіндік, тәуелсіз ел, азаттығы жарасқан, қазақтығы жарасқан бейбіт ел. Бейбітшілікті ту еткен, алтын бесігін тербеткен тәй-тәйләп қадам басып, еңсесін биік көтерген қазақ елі бүгінде жылдам дамушы елдердің қатарында. Осындай күнге жеткеніміз әрине ата-бабаларымыздың, желтоқсан оқиғасына қатысқан жандардың арқасы деп білеміз.
Қазір біз тәуелсіз ел, егемендігі бар азаттығы бар елде өмір сүрудеміз. Мемлекет құру қиынның қиыны, ал оны бұза салу оңайдың оңайы! Тәуелсіздікті қаншама қанды төгіп, қаншама қиындықтың арқасында алып отырмыз емес пе!? Осы тәуелсіздікті сақтау, ел арасына іріткі салмай, азаттықтың ақ таңын әрі қарай жалғап, тыныштықта, бейбіт күнде өмір сүру бізге парыз! Ендеше ауызбіршілігіміз жоғалмай, ынтымақ пен бірлікте айбынды ел қатарында сыйластықта өмір сүрейік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу