Өлеңдер ✍️

  10.11.2023
  161


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

КҮЙ - ҒҰМЫР


Тыңдай бердім бір күйді күмбірлеген,

Тазарсын деп көңілім тым кірлеген.

Қоңыр үнге қосылып күңірендім,

Жүрегімді жылатып жыр бүрелеген.




Мұңлы әуенге құлағым неге құмар,

Қос ішектен он саусақ төгеді зар.

Мазамды алма, Ботам-ау, бүгін менің,

Үндемесем оның бір себебі бар.




Күлкіден де шаршадым қарқылдаған,

Тірліктен де қажыдым там тұмдаған.

Күймен ғана жоятын күйзелісін,

Мен шығармын әлемде ақырғы адам.




Qабиден




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу