Эсселер ✍️

  06.11.2023
  71


Автор: Студенттер күні

Студенттер қауымы

Студенттер қауымы — деп әр қалада оқитын студенттер жайлы айтамыз. Оларың өзі бір қауым ел болып саналады. Осы бір қауым елдің арқасында арман болған көптеген жақсылықтар орын алып жатыр. Атап айтар болсақ, студенттер күнін, яғни 17 қарашаны алар болсақ, бұл күнің студенттер күні болып аталуының түкпірінде қанды оқиғалар орын алған. Прагада наразылық танытып шеруге шыққан студенттерді билік өкілдері қарсылық танытып, басып тастаған, тіпті бір студентті аяусыз атып салған. Осы көріністен кейін осындай студенттердің қарсылық танытулары көбейе түседі. Осының салдарынан Чехияның жоғары оқу орындары сол уақытта соғыс біткенше жабылуына әкеп соқтырады.
1946 жылы Прагада өткен Чехиялық студенттер патриоттардың құрметіне болған бүкіләлемдік студенттер конгресінде 17 қараша Халықаралық студенттер күні болып жарияланады.
Арыға бармай-ақ 1986 жылы желтоқсанда болған өзіміздің Алматыдағы желтоқсан оқиғасын еске алар болсақ. Сол қанды оқиғаның нәтижесінде еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді емес пе?! Тек біздің ел ғана емес СССР құрамындағы көптеген ел жеке мемлекет болып, Республика атанды емес пе?! Міне студенттер жиналса, олар жұдырықтай бірігер болса тау қопаратын күшке ие...
Жүректері отаным дер, жерім дер, аман болсын елім дер студенттер қауымы! Сіздерді 17 қараша студенттер күнімен құттықтаймыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу