Эсселер ✍️

  04.11.2023
  53


Автор: Тұңғыш президент күні

Тұңғыш президент күні - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Ол қазақ жерінде 1 ші желтоқсанда болған тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетіп, қазақ халқының тұңғыш президенті атанған адам. Оның көшбасшылық қабілетінің арқасында енді тәй-тәйләп еңсесін көтерген қазақ елі барлық қиындықтарды жеңіп, қарқынды дамушы елдердің қатарына қосыла алды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанды ендіріп, елді заманауи, дамыған мемлекетке айналдыра алды. Мұндай істі жасау екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.
Назарбаев атамыз сияқты білімді де, елді басқаруға қабілеті бар адам болу үшін бізге көп еңбек жасауымыз керек. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті салған дара жолды біз әрі қарай жандандырып әкету бізге парыз екені рас.
Орталық Азия аймағының көшбасшысына айналған Назарбаев атамыздың расында да еліміз үшін тұңғыш президентімуздің салған дара жолы біздерге үлгі-өнеге. Оның Қазақстан Республикасына жасаған қызметтері, ел үшін деп жарғақ жастық көрмей, күнімен, түнімен жасаған қызметтері баршамызға аян.
Елбасы атанып, елді алға бастаған көшбасшымыз қазіргі таңда көп көрінбей кеткеннен мен ол біздің жүрегімізден орын алары сөзсіз. Тұңғыш президент күні, құтты болсын, қазақ елі! Ел ертеңі керемет күйге еніп, болашағымыз жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу